Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2022
147
БІР КЕМ...
Маңдайдағы бағым сірә, бес елі,
Аз болмады соған лайық сорым да.
Бір кем дейді,
Дүниенің есебі.
Теперіші қалар кейін қолыңда.
Бәзбіреулер баз кешкенде әлемнен,
Бір кем дейді,
бақ пен сордың себебін.
Неге ендеше, жанұшырып келем мен?
Өзегімнен өшпесін деп өлеңім.
Бір кем болса,
ғұмыр күннің ғажабы.
Ессіз сүйген кеудемдегі шаттығым.
Неге ендеше, жүрегім бар жазалы?
Неге ендеше, басылмайды аптығым?
Енді біреу
«бәрі жалған» деседі,
Ақиқат боп өлең қалсын соңымда.
Маңдайымның бағы білем, бес елі.
Тағы да мұң.
Тағы да сор жолымда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇