Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  55


Автор: Ербол Бейілхан

БОНН ТҮНІ

Бонның түні, неткен тыныш мүлгіген,
Ай аспанда тербетеді қаланы.
Рейне ағар арнасымен кілгіген,
Гейне жатыр жырға бөлеп даланы.
Жамылып ап, түнгі қала желекті,
Жасырады сыр алдырмай өсегін.
Неміс халқы тым еңбекқор бөлекті,
Альфа тауда жырын оқыр Гетенің.
Тереземнен гүлдің иісі аңқыған,
Гүл жырыма недер екен ынтық ел.
Еврей мен орыстарды шарпыған,
Мен өзіңді жек көре алман Гитлер.
Европа! Тым жайдары, аждаһа,
Арман болған пенделерге ғарыштай.
Алаш пенен Түркістанды ойлаумен,
Бұл жерлерде Мұстафа өткен арыстай.
Бонның түні, жел еседі самалды,
Саф ауаңа кеуде керіп қанбаймын.
Сарыарқама жылқы көңіл алаңды,
Сағынышпен құстар үнін тыңдаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу