Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  69


Автор: Нұрлан Қалқа

Сіздей жандар көп болса...

Бір жақсылық жасадыңыз ініме,
Санаймын мен өзіңізді іріге.
Бір Алладан бір сіз үшін тілеймін,
Амандық пен бар бақытты күніне.
Құтты болсын туған күнің, ағажан,
Тек қуаныш күтіп алсын тағы алдан.
Сіздей жандар көп болса ғой өмірде,
Еш қиындық көрмес еді бар адам.
Азаматсыз, абзал жансыз, ағажан,
Сыйлайды ғой сол үшін де сан адам.
Сізді туған айналайын анадан,
Əкеңізге сый тілейін Алладан.
Болаттайын сөзге берік адамсыз,
Сіздей жанмен толықса ғой арамыз.
Мына өмір бізге мəнді болар-ақ,
Жазылар ед жанға түскен жарамыз.
Ұзақ болсын Алла жазар ғұмырың,
Аман жүрсін қуанышың – ұл-қызың.
Сізді сыйлар адамдар бар жаныңда,
Жарқырасын, ағатайым, жұлдызың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу