Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  105


Автор: Балта Қосбармақ

Жеңіс қуанышы

Қуанышты ел тегіс бүгін,
Қайта оралып келді көктем.
Отыз жылдық жеңіс туын
Төбесінде желбіреткен.
Дәл отыз жыл бұрын бұдан
Жау тізесін бүккен еді.
Елдің қызыл туын қыран
Рейхстагқа тіккен еді.
Көзге ұрған ту алыстан,
Желпіп самал шашақтарын;
Шаттанған-ды ел қуаныштан
Тыйылып қан, жас аққаны.
Сол бір шаттық, сол бір күлкі,
Сол қуаныш дәл бүгін де.
Қуаныштың мөлдір бұлты
Қонақтапты ел жүзінде.
1975 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу