Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  203


Автор: Айсырға Қилыбаева

РЫСТЫ 60 ЖАСТА

Жасыңнан ақылды едің, ерекше едің,
Пайымың көп қыздардан бөлек сенің.
Бір кешкен Самның құмын, бала досым,
Жақсы өмір сүруіңе тілекші едім.
Биіктеу білігің мен парасатың,
Сабырлы мінезіңе жарасатын.
Барлық қыз маңайыңа төңіректеп,
Сенімен дос болуға таласатын.
Сабаққа алғыр едің басқалардан,
Сонда да мінезің жоқ аспалаған.
Мен сенің кішкентайдан досың едім,
Қасыңнан әлі күнге тастамаған.
Бас қосып Қоңырбайдың баласымен,
Әдемі жанұя боп жарасып ең.
Ертелеу кетті ардағың.
Сен келесің
Азамат жолдастары арасымен.
Жан досым!
Сыр бермейсің, салмақтысың,
Дос-жаран, ел-жұртыңа ардақтысың.
Ұл-қызың Жадырасын екеуіңнің
Ұзартып ғұмырыңды, жалғастырсын!
Кеңдік бар келбетіңде, байсалдысың,
80 мен 90-дарды қарсы ал, досым!
Жадырасын, Рысты ұл-қыздары
Жақсы боп елі-жұртын тамсандырсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу