Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
193
Ардың жүгін арқалап...
Ардың жүгін арқалап,
Ақыл қоссам баршаңа.
Болғанымен толықпақ,
Есте сақта шартарап
Көш бастаушы азамат.
Жақын жүргін тазаға.
Келістіре алмаған,
Ұрынып жүр жазаға
Ғалым,дарын мамандар,
Берік болып қамалдай
Жасаңыздар тойтарыс,
Құйтырқылық амалға.
Мәңгі емес бақ-байлық,
Араласқа жат жайлы
Мешкей мешеу, көр соқыр,
Өзінікін нақтайды
Қарадан көзді жазбайық,
Сақталынсын қаз қалып.
Болмашыға былғанып,
Адаспайық аз халық
Береке,бірлік,тіршілік,
Қас пен қабақ кірпігің.
Иесісің аспан-жер,
Әруағы түркінің,
Қолдасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇