Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  140


Автор: Серікбай Бердияров

Отан ана, дала кезіп, қыр асып...

Отан ана, дала кезіп, қыр асып,
Жағдайыңмен ұғыныстым сыр ашып.
Ұлдарыңа риза болдым елгезек,
Кезіккенге ағакелеп тұратын.
Күйіп, жанып ,жан тәнімен сүйетін,
Көбейіпті елдің, жердің иесі.
Құлдық ұрып талай көрдім жүргенді,
Қолдағаны болар тәңір киесі.
Қуанышым көңілімді тербетіп,
Ысырылды сезімімнің пердесі.
Сіз бізіңе шыныменен бас идім,
Ынтымақты араңыздан көргесін.
Орынықса істе дәйек құрылым,
Елге қуат алған көздің шырымы.
Бақ, береке, бейбітшілік, ынтымақ,
Адамдардың шекер, балы, шырыны.
Жаса, Отан айдай әлем алдын да.
Белуардан мал жайылсын шалғында.
Ақ бидайың сақталынып қамбада,
Қуанышты күй силасын балғынға .
Отан ана арқа сүйер тірегім.
Табанымды үзенгіңе шіредім.
Санам саптан ешқашанда түспейді.
Қалыбында соғып тұрса жүрегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу