Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  300


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ЖАМБЫЛҒА

Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Ақынмын атым шыққан жасырмаймын.
Жетпістің жетеуіне жетсем дағы,
Қалтырап, кәрілікке бас ұрмаймын.
Алдымда сіз отырсыз тоқсан бесте,
Жамбыл жоқ алған, сірә, тоқсанды еске.
Тоқсанды тобығына келтірмеген,
Жігітсіз әлі жап-жас жиырма бесте!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу