Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
189
ТҮК ҚАЛМАУЫ МҮМКІН ЕМЕС
Жазғанымды білмек болсаң, ал тыңда,
Көнген жанмын ыстық пенен салқынға.
Бізден ешбір із қалмайды дейсің сен,
Көрген күнің тұрса да бəз қалпында.
Өсекшіге өнерің не, өлең не?
Өңеш керіп дейтіндер бар: «Дəлелде!»
Əншіден əн, дəн қалады диқаннан,
Жақсылардың аты қалар əлемде.
Мына жалған тұра берсін қалпында,
Отты жырым, найзағайдай жарқылда.
Түк қалады ат аунаған жерде де,
Түк қалмауы мүмкін емес артымда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇