Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  212


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Дос

Дос қандай болу керек?
Деген сұрақ,
Жүрер әркімді мазалап.
Таңдауда досты білген жөн,
Өзіңді таныр – досыңа қарап.
Өзіңе не тілесе, соны саған тілейтін,
Көреалмаушылықты білмейтін.
Жанында жайсаң жүретін,
Қуанышта бірге күлетін.
Қиындықта табылатын жаныңнан.
Керек кезде жарылатын ағынан.
Осындай жанды іздейміз,
Болса досым деп тілейміз.
Қабылдасаң әр жанды жүрекпен.
Дос қылуға ізгі ниетпен.
Адамзаттың бәрі дос,
Аттамаса адами қасиеттен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу