Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  501


Автор: Фариза Оңғарсынова

Наурыз әні

Көктемім – көркем арманым,
махаббат, мөлдір таңдарым.
Наурызым жақса шамдарын,
жайдары, жарқын жан-жағым.
Қайырмасы:
Наурыз, наурыз – жаңа жылым,
наурыз, наурыз – лала гүлім,
жанымды тербеп барады үнің!
Наурыз, наурыз – жаңа жылым,
наурыз, наурыз – лала гүлім,
жайнаған жастығым, балалығым!
Көк жасыл көйлек қырларда,
көктемгі үміт – сырғаңда.
Алғашқы махаббатымдай
нəзіксің нұрдан, жырдан да!
Қайырмасы.
Мейірім төгіп далама,
Жылу бер жанға, санама!
Наурыз – бағым, ырысым,
жерімді менің арала!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу