Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  115


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖЕТІ ЖЫЛ НЕМЕСЕ ЖЕТІ ЖАСАР БАЛА


Бағыт-бағдар жолдарды жете білмей,
Қисық-қыңыр кеттік пе, төте жүрмей?
Қазақстан – нән мұхит шалқып жатқан,
Жеті жылда жеті елі көтерілмей.
Уағында қаймақ боп төгілген мың,
Мығым отыр әлі де төрінде Елім.
Жеті жылда жетім де жетілген-ді,
Отын жарып жүріп те көрінгеннің.
Қилы-қилы жылдардың белесінде,
Сақталмасын неге бұл ел есінде...
Енді өлмейміз,
Бірдеңе бар болса егер,
Жеті жасар баланың жетесінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу