Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  230


Автор: Абдрахман Асылбек

Бидай мен арпа

Қамбада Бидай тұрды,
Қоймаға симай тұрды.
Көп дәннің арасында
Күшіне қарасын ба?
Бір Арпа тұрып жатты,
Күпініп күлім қақты:
«Мен неткен асыл едім,
Бидайдан басым едім?
Керемет құрметті көр,
Айнала дүрмек түгел
Қамбада бір мен үшін,
Топырлап жүргені шын.
* * *
Ортадан озбағасын,
Кей надан өз бағасын
Осылай асырады,
Желпініп, басылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу