Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
149
* * *
Болар болсаң арлы анаңнан туа сап,
Келер ұрпақ арманыңды қуа шап.
Ай астында отырмағын омалып,
Мұратыңа жеткізбейді қу ошақ.
Ал мен болсам,
Ата жерді жасартам,
Ол жасыса көңіліне жаза артам.
Ақымақтар жүріп өткен жерлерді,
Арғымақтың тұяғымен тазартам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter