Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  132


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Менің әзір дақ түскен жоқ жүзіме,
Ізгілікпен жетем көктем, күзіме.
Кей ақымақ түкіреді... ұят-ай!
Арғымақтың ай боп қалған ізіне.
Ата жердің бұған белі талады,
Күйінгеннен дүр сілкініп қалады.
Арғымақтың ай боп қалған ізіне,
Киелі құс жұмыртқасын салады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу