Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.02.2022
784
Төле бидің аманаты
Әнін жазған Жоламан Тұрсынбаев
Осы қазақ неліктен бөлінеді,
Бөлінгендер бөріге желінеді.
Жүзге белген адамның жүзі қара,
Біліктілер биіктен көрінеді.
Қайырмасы:
Дана халқым, қазағым, бірігіңдер,
Мың өлсең де мойымай тіріліңдер.
Елдігің мен теңдігің ынтымақта,
Алдарыңда арайлы ұлы күндер!
Тарихы мол шежіре дастан далам,
Ел едік қой жауынан жасқанбаған.
Қасиетті жеріңді қорғамасаң,
Бойдан билік кетеді, бастан бағың.
Қайырмасы.
Тура сөзін айтады Төлебиің,
Кімге керек бөлінген бөлек үйің.
Бәріміз де бір атаның баласымыз,
Бірлік болса береке, деме, қиын.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter