Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  974


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Көңіл айту

Даладай дархан жүрегі,
Жүрегі Күндей жылы еді!
Желкілдеп ескен ботадай
Сүйкімді жанның бірі еді
Аялап арман құшқанда,
Ұядан жаңа ұшқанда,
Жолықтың, қайран жарығым,
Аяусыз ажал дұшпанға!!
Маңдайымызға сыймадың!
Жаз бейнең, есте, дидарың.
Жарқ еттің жарық жұлдыздай!
Жолдасың болсын ‒ иманың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу