14.02.2022
  230


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚҰМЫРСҚА

Бір іннен шығып бытырап,
Жан-жаққа тарап кетесің.
Қоңызды ұстап ұтылап,
Дегеніңе жетесің.
Құмырсқа деген құмдайын,
Болсаң да бəрін білесің.
Тіршілігіңді күн сайын,
Жалғастырып жүресің.
Біріңе бірің баратын,
Жолдарың қызық кəдімгі.
Аралап шөптің арасын,
Табасың жемді жағымды.
Ауызыңда тапқан үлесің,
Қаншама жерден өтсең де.
Бір інге келіп кіресің,
Бытырап сонша кетсең де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу