Өлеңдер ✍️

  02.02.2022
  5210


Автор: Таныстыру сөздері

Балабақша байқауға таныстыру

Таңмен тарар шуақтай,
Тәттілікті жалғаймын.
Сәлем бердім баршаға,
Бар жақсыны арнаймын.

Кіші жүзбін, адаймын,
Сәттілікті қалаймын.
Әкем Ержан, асқарға,
Ұқсатамын, балаймын.

Анам аты Ақерке,
Мен қызымын Жанерке.
Еркелейтін еркеміз,
Жүрер елді тербете.

Балабақша сайысы,
Қызық болып өтсін тек.
Сәттілік ару бал қыздар,
Жүріңдер тек күлімдеп.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Акнур
Акнур 21.03.2025 16:13
Балаларга коктемде таныстыру
19.02.2025 21:45
Гегіош

Пікір жазу