Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  221


Айсұлу Рүстемова‎

Третьяков галереясында

Пана таппай
Тәкәппар паң қаладан,
Жүректердің
Шеріндей тарқамаған.
Суретші деген
Халықтың өмірі бұл,
Үнсіздіктің
Азабын арқалаған.
...Қоғамы бар,
ол көздер анталаған.
Кербездейін
Баса алмай шалқалаған.
Көзі тұнған
Көркемдік. Көрікті ойы.
Бұларда еш
ісі жоқ қалталы адам.
Бейнеленген
Санамен дауыл, далаң.
Жан дүниеңе
Ізгілік шамын жағар.
Сурет салып
өтеді ол. Өмірде де
Дүниені
әз қалпы қабылдаған.
Пана таппай
Тәкәппар паң қаладан,
Жүректердің
Шеріндей тарқамаған.
Суретші деген
Халықтың өмірі бұл,
Үнсіздіктің
Азабын арқалаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу