Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  170


Автор: Айтуар Өтегенов

Ең сұлу ай

Ару Май!
Табиғатта ең сұлу ай, әдемі ай,
(Достық күнін таңдай білген адам-ай).
Қыраттарға, хош иісті бақтарға,
Өтіп көрші көзіңді бір қадамай.
Тыншымайсың жүрегіңе от орап,
Гүл атады сенде нәзік махаббат.
Осалсың ғой,
Осалсың ғой бұл кезде,
Болсаң да асқан сезіміңе қатал-ақ.
Жасарып тұр бар дүние көкпеңбек,
Құмартасың «мақсатыма жетсем», – деп.
Кешіресің, кешіресің жастардың,
Мұндай кезде қызбалығын «көктем», – деп.
Өтіп көрші көзіңді бір қадамай,
(Ашық жанды, ғашық жүрек адам-ай).
Махаббат бар,
Нәзіктік бар,
Пәктік бар,
Табиғатта ең сұлу ай, әдемі ай –
Ару Май!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу