Өлеңдер ✍️

  27.03.2021
  3206


Автор: Мұқағали Мақатаев

Абысындар

Бірінің жары өлген де,
Бірінің жары хабарсыз.
Сұрапыл басқа төнгенде,
Кетіпті қара қағазсыз.
(Ажалға берген шығыны)
Бір аяқ, бір қол жоғалған.
Кеудеде тірі шыбыны,
Бірінің жары оралған.
Жалғанда тірлік, тұрмысың
Бірінің жары дін аман.
Көргенде жесір құрбысын,
Жесірден бетер жылаған.
Бірінің сыры біріне
Белгілі, бәрі тым қанық.
Өткізген жастық күніне,
Күніне қайтар бір барып.
Сырларын бүгіп ішіне,
Сыр мінез, тату абысын,
Сездірмей тірі кісіге,
Сақтап жүр әйел намысын...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ерполат Раяна
Ерполат Раяна 24.02.2026 11:27
МЕН 2016 ЖЫЛЫ 24 ШІЛДЕ ДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІМ
Аймира
Аймира 16.11.2025 22:34
Өте керемет әсіресе женшелері көп адамдарға
??
?? 09.02.2025 18:26
Інжу лох ツ
Інжу
Інжу 28.01.2024 18:54
Мұқалғали Мұқатаев өте жақсы адам және өлеңдері

Пікір жазу