Өлеңдер ✍️

  30.06.2026
  66


Бекторғанбек Нұртас

Ырғыз өзен!

Жел тербеген кең даланың жүрегі,


Жарқыраған суың – өмір тірегі.


Аққуларың қалықтайды аспанда,


Ырғыз өзен– туған жердің гүл еді.


 


Таң атқанда тұнық көлге нұр құйып,


Күн шапағы күміс болып тұр күліп.


Қамыс біткен баяу тербеп бойыңды,


Желмен бірге сыр айтады жыр құйып.


 


Ырғыз өзен –жүрегімнің әні сен,


Кең даламның мөлдір тұнық сәні сен.


Ұрпақтарға жетсінші мәңгі ұласып,


Жазған осы жырларымның мәні сен.


 


Жағаңнан мен өзіме тек бақ табам,


Тербетеді байташ далам, бақ далам.


Ырғыз өзен—ырысыңмен, құтың көп,


Мен өзіңде туғаныма мақтанам!


Авторы: Бекторғанбек Нұртас


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу