Өлеңдер ✍️
ЭР СОГОТОХ ЖҮРЕГІ
Қазақта көп тоналған,
Көрген түстей бәрі де.
Сахада көп жоғалған.
Шаңқай түсте, сәріде...
Ұқсастығын көрдің бе?
Бір жатырдан шыққандай!
Жұмсақтығын көрдің бе?
Үлпілдеген ақ қардай!
Айып бар ма, заманнан.
Айып бар ма адамнан.
Табыты жоқ іздейтін,
Мыңжылдыққа қаланған.
Кетті қанша ақылым,
Кетті қанша ақыным.
Солардың ең басында,
Эр Соготох батырым.
"Жеке ер" деп ат алған,
Үлкендерден бата алған.
Түкті жүрек еді ғой,
Озық шыққан қатардан.
Отқа салсаң күймейтін,
Суға салсаң батпайтын.
Тылсым күштің иесі,
Шапса қылыш өтпейтін.
Шыққан тегін білмейтін,
Оны намыс көрмейтін.
Ел ішінде "кісі" бар,
Күндемейтін күндейтін.
Сыйынатын сахалар,
Кәрі-құртаң аталар.
Мұзды өлкеде бар еді,
Қасиетті Бәйтерек.
Емес қой бір жай терек,
Ұлысың деп Тәңірдің,
Айтып қойды бір күні,
Эр Соготох батырға.
Бәрі содан басталды,
Ел қорғауға аттанды.
Асыл туған қабылан,
Жаумен жалғыз алысты.
Жүрген жерің шаң, ылаң,
Зұлымдықпен шабысты.
Тайгадағы жын-шайтан,
"Арыстанмен" танысты...
Жібермеді намысын,
"Ураангхай саха" негізін,
Жинап жұртын, қамысын,
Қалап бітті бір демде!
Қарусыз-ақ қолы ұзын,
Жерің дүңк-дүңк... жүргенде,
Алып таудай арысың!
Арда туған ар үшін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇