Өлеңдер ✍️

  21.05.2026
  24


Автор: Сыңсу

Сіңліме



Еркелеп бірге өскен сіңлітайым,
Сен едің үйдегі ең жақын айым.
Қондырған қанатыма қимастық мұң,
Өзіңді ойлап әркез алаңдайын.

Ізімді басар менің қызғалдағым,
Орындалсын өмірде армандарың.
Ата-анамды өзіңе аманаттап,
Ұзатып бара жатыр жан апаңын.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу