Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.05.2026
51
Шеңбер
Шеңбер
Тұрдыхан .А
Біз көнцентрлі шеңберлерміз,
Сен менің ішімде жатасың.
Мен сенің сыртыңдамын.
Ал сен болсаң,
Бұған мойындағың келмейді.
Мен сыртыңдамын дейсің.
Онда мен де іште қалуды мойындамаймын.
Центрді ауыстырсаң ғана сыртқа шығасың,
Алайда ол тым мүшкіл хал.
Әрине, екеміз де
Әлемнің қап-қараңғы құрсағының ішіндеміз.
Сыртқа шығу үшін,
Центрден ауытқуымыз керек.
Тек сонда ғана ғаламның сыртында,
Бізді бостандық қарсы алады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇