Эсселер ✍️
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар
Салт-дәстүр қоғамның айнасы. Біздің өзге ұлттардан ерекшелігіміз. Бір қызығы қоғаммен бірге кей салт-дәстүрлерде ескірді. Сол үшінде “дәстүрдің озығы бар, тозығы бар” деген пікірталас туындады. Бұл ой не үшін өзекті?
Таяқтың екі ұшы болғандай, әр нәрсенің жақсы мен жаман жағы болады. Бір қызығы салт-дәстүрді де екіге бөлеміз. Әсіресе қыз алып қашу секілді салт-дәстүрді ескінің қалдығы санап, шағым айтатындар көп. Себебі біз қазір адам құқықығы жоғары тұратын заманда өмір сүріп жатырмыз. Әр адамның өз ойы, өз еркі бар. Ал қыз алып қашу адам ұрлау фактісі болып есептеледі. Бірақ бұрынғы заманда көбіне қыз бен жігіт атастырылып қойылатын болғандықтан, өз сүйгенімен қосылу үшін ғана осы әдіске баратын болған. Қазіргі кезде де сүйіп қосылатындар бар. Бірақ бейтаныс адамның тарпа бас салып, “үйіме келін қыламын” деп алып қашуы заңға қайшы екенін ұмытпау керекпіз.
Халқымыздың мәдениетін ерекшелендіріп тұратын салт-дәстүрлерде аз емес. Мысалы: Асар, тұсау кесер, қыз ұзату, шілдехана, ат қою рәсімі т.б. Олардың саны өте көп. Бірақ тағылымы мен тәрбиесі мол. Әсіресе асарды атап өтуге болады. Дүйім жұрт жиналып, бірлесе отырып іс бітіреді. Қазіргі таңда көбіне үй салғанда орындалады. Бұл дәстүр адамдардың қарым-қатынасын жақсартады әрі тату-тәтті болуды дәріптейді.
Қортындылай келе, адам баласы туылғаннан бастап, өмірден өткенінше салт-дәстүрдің ережесімен жүреді. Бірақ олардың барлығын ұстану міндет емес. Уақыт талабына сай дәстүрлерді сақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇