Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.03.2026
354
Жаңа өмір
Бір топ жұлдыз аспанымда көрінді,
Жақсыларға ұсынамын төрімді.
Сенім артқан жандар қастық қылса егер,
Өз-өзіме өзім қазам көрімді.
Бір топ жұлдыз жарқырап тұр аспанда,
Жарық шашқан жұлдыздардан жасқанба.
Мына əлемнің түсінбейсің сырларын,
Өз-өзіңнен өзің ғана қашқанда.
Шоқ жұлдыздар сөніп бара жатқандай,
Әппақ таңым күңіреніп атқандай.
О, Тəңірім, не істеп жүрмін мен өзі,
Қиқулаған түлкілерден сақтанбай.
Келер күннің бақ даулетін шашпайын,
Өткен күнді өткен шаққа тастайын.
Арайлана таңда атты бозарып,
Жаңа күнмен жаңа өмір бастайын.
©Камал ҰЗАҚ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇