Өлеңдер ✍️

  10.02.2026
  61


Демеуов Серік әкеме арнадым қызы Ақкенже

 


ДЕМЕУОВ СЕРІК-ке арналады(09.05.1951-09.02.2001)


Әкеге сағыныш!


Ақпанның қарды ызғар күні болған


Бейсенбіден қасиетті жұма туған


Таң көпшілікке атқанымен


Біз үшін өмір мәні кілт тоқтаған.


 **************************


49-жас мүшел деген бос әңгіме


Деп ойладық жамандыққа қимай бізде


Алланың өлшемімен берген өмір


Қоймайды екен бір мезет те бұл өмірге


*****************************


Алла берген кеселге мойынсұндың


Арпалысып күтіп жаттың соңғы күнін


Әкешім қандай ойда кеттің екен 


Біз үшін алаңдаған жүрегінмен.


***************************


Анам болды жаныңда сол мезетте


Қоштасып үлгердің ба әке ерте


Білді ме екен анашымның жүрегі


Соңғы сәт,ақырғы міндет кеп жеткенде


*******************************


Әзірейіл өз парызын орындауда


Әкешім жан берудің сәл алдында


Бәрін көріп қарсы алған байғұс анам


Көнбесіне тағдырға амалы қанша


***************************


Шүкір дейміз артындағы ұрпақтары


Бір әкеден тараған балалары


5-бала 13-немере 2-шөберен


Еске алып тұрар әке әр жылдары


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу