Өлеңдер ✍️
Күдік пен Үміт триптих
Лирикалық триптих
Автор: Сәрсенби Аян
? Автор туралы
Автор: Сәрсенби Аян
Ақмола облысы, Шортанды ауданында дүниеге келген. Республикалық, облыстық жарыстардың жүлдегері.
- 2021 — Республикалық Қадір оқуларының алғыс хат иегері
- 2022 — Мағжан оқуларының облыстық жеңімпазы
- 2022 — Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық II дәрежелі диплом иегері
- 2022 — Шортанды ауданы әкімінің “Жыл оқушысы” атағына ие болды
- 2024 — Астана қаласында өткен Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған “Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап” атты орта арнаулы оқу орындары арасындағы мәнерлеп оқу сайысында III дәрежелі дипломмен марапатталған
Шортанды ауданы, Новоселовка жалпы орта білім беретін мектептің түлегі.
Қазір Астана қаласындағы Жоғарғы медицина колледжінде Мейіргер ісі қолданбалы бакалавр тобының студенті.
? Кіріспе сөз
«Күдік пен үміт» — бұл жай ғана үш өлең емес. Бұл — заманының жүгін арқалаған жігіттің ішкі әлемі, ұлт алдындағы, махаббат алдындағы жауапкершілігі мен қорқынышы. Бұл — рухани сергелдең, сырлы сұхбат, үнсіз үміт. Осы жинақты парақтап отырып, әр оқырман өз жүрегінен бір тармақ табарына сенемін.»
I бөлім:
Сері мен заман
★ Ұлтсыздану мен рухани жадау үстіндегі ішкі күйзеліс.
Бұл өмірдің бағынып арнасына,
Сал серінің ұрпағы бар ма сірә?
Жаңа ғасыр жалғасы жаңа жігіт
Серілігін жасырған қалтасына.
Самал желін Арқаның аймалаған,
Ат үстінде күн көрген қайран бабаң.
Өзге елдің болмысын нұсқа тұтып
Мәдениетін сіңірдік айдаладан.
Айдалаға күдікпен үміт артып,
Жас жүректе күрмелген күдік артық.
Сері жігіт қазірде туады екен
Жат көздерден жасқандық үнсіз қалып.
Ұлттық мұра келмеске ұрланғандай,
Жанға батқан қапесіз ауырлықтай.
Ер жігіттің өмірі бүгінгі күн
Күдікпенен үміттен құралғандай.
II бөлім:
Қатігез
★ Пәктік пен үміт жоғалған қалалық тіршіліктің трагедиясы.
Ақ көрпесі таң сәрі де былғанған,
Пәктік сезім қапияда ұрланған.
Таң сәрі де айырылып құлыптан
Әппақ жерде қара торы жын қалған.
Алып ұшып туып өскен қырлардан,
Құйып өскен құлақтағы жырлардан.
Әке болам деген жігіт ендігі
Не қылады сарайыңды құр қалған.
Алып қала бұзды мекен өмірін,
Әлде түнек басты мекен көңілін.
Әлде бәлкім арам суға уланып
Бұзып алған шығар тәтті өмірін.
Әйел болу жігіт табу үмітпен,
Мейлі дерін күтерсің ау жігіттен.
Қазір енді пәк жігіттің ойлары
Құралады үміт пенен күдіктен.
III бөлім:
Мөлдір сезім
★ Махаббат пен сенім арасындағы ішкі диалог, жүректегі жалғыздық.
…Сүйші дейсің бе мені?
– Мен сені қашан сүймеген кезім болып еді.
– Онда неге маған сезіміңді білдірмедің?
– Күдік пен үмітке тұншығып жүрмін ғой.
– Баяғы өлеңіңді әлі аяқтамадың ба?
– Жазып бітейін, күдік болды ма, үміт болды ма – сырын ашып алайын.
Өзіңе пәк сәбидей анасын аңсағандай ғашық боламын…
Халифаның шатырындай биік мұң,
Сондықтанда бәріне де тұйықпын.
Ғашық болсам идеальды қалаймын
Көнесің бе арманыма, сүйіктім.
Өмір-өзен, қарсы жүзу азап тым,
Серік тапсам мендік болар қазақтың.
Бұл дүниеде айырылмай жұбымыз
Символына айналсақ қой бұл жақтың.
Ұйқы сұрап жатқан анау маужырап,
Оятып ап сезімдерді таң құсап.
Сүйе аламын, қыздар бірге болмайды
Кеткендеймін махаббаттан қарғыс ап.
Жүресің сен тәтті түске кіріп те,
Жүк боп тағы күдігіммен үмітке.
Қасымда бол мәңгілікке, жаным-ау,
Тас боп қатқан жүрегімді жібіт те…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇