Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
222
Бойдақтың сөзі
Үйленбейсің деп неге есіресің?
Өзіңше боп үнімді өшіресің.
Көпшіліктен шеттетіп оңдырмастан,
Досым емес, жауымдай сезілесің.
Әйтеуір бір Алланың жазуымен,
Махаббаттан болмай жүр жолым менің.
Бұл жігіттің тағдыры осылай деп,
Елмен бірге қатемді кешіресің.
Мен туралы қауысет тарап жатса,
Құлагерден кем түспей көсілесің.
Дәм бұйырса, үйленіп, отау құрам,
Күтіп жүр-ау серісін, теңім менің.
Олқылықтың толтырып орнын ертең
Халық санын қайтсем де өсіремін.
Қыз емеспін отырып қалатындай,
Жарымды жат жұртынан көшіремін.
Алаңдама ұрпақсыз қалмаймын мен,
Мың ғасырға тарайды тегім менің.
Тоқсандағы шалдан да Найман тарап,
Тоқтатпаған "Өкіріп" шежіресін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇