Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
135
Алматыда мен ұнатқан бір жан бар
Алматыда мен сүйетін бір қыз бар,
Ол да маған ытызар.
Жаны нәзік, жанарына күз құмар,
Қабағында бұлты бар.
Ол жымиса- бұл әлемде жылу бар,
Бұла сезім бұлқынар.
Алматыда бір ару қыз тұрады,
Жүрегімнің сыңары.
Соны ойласам көзіме мұң тұнады,
Тағдырымның тұмары.
Беймезгілде көңіл шіркін құлады,
Оған өзім кінәлі.
Алматыда мен ұнатқан бір жан бар,
Арамызда тұман бар.
Кері тартқан кедергі мен күмәндар,
Жан күйімнен сыр аңғар.
Бұл махаббат барлық жасқа қылаңдар,
Менің қандай күнәм бар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇