Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
111
ТҮСТЕГІ АРМАН
Сағыныштан шыдамай ми қабынды,
Барады өртеп, күйдіріп у қанымды.
Сені көрсем түсімде ұйқы қашып,
Жер таппаймын қоярға қу жанымды.
Ақ төсекте түсімде жатқан бейнең,
Нұрландырып жүзіңді ақ таң сүйген.
Күйде болғам оянып әрі- сәрі,
Ес жия алмай түстегі батқан күйден.
Қара шашың жайылған жастығыңа,
Тал мүсінді ақ көрпе жасыруда.
Балбыраған ұйқыда сұлу жүзің,
Есті алып елітіп, мас қылуда.
Жатар ма еді беліңнен құшып қана,
Қияндарға арманмен ұшып сана.
Түн ұйқыңды бөлісіп жатсам дегем,
Ақ тамақтан иіскеп құшырлана.
Тəтті арман санамды кетті басып,
Сезім оты жүрекке жетті тасып.
Шақырса деп күткенмін мені өзіне,
Ақ көрпенің көтеріп шетін ашып.
Еркін Оралбайұлы. 23.03.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇