Өлеңдер ✍️

  15.01.2025
  595


Автор: Қабілет Бәделхан

Мен - бір таудың Тәутекесімін!

Мен - бір таудың Таутекесімін!


 


Мен - бір таудың таутекесімін.


Табаныма тас берген жомарт тағдыр.


Жуынуға жас берген ырыс – жаңбыр.


Тынысыма нәр берген қош иіс гүл.


 


Мен - бір таудың таутекесімін.


Еркін өскен еркіндікте еліріп,


Самалына сар даланың семіріп,


Жоталартың жондарында желігіп,..


 


Мен - бір таудың таутекесімін.


Тілегі болған аңшы ағалардың.


Кәдесі болғам қарт бабалардың.


Жүрегі болғам жас балалардың.


 


Мен - бір таудың таутекесімін.


Ауасын жұтқан Алтай-Қобданың.


Жотасын жортқан жазира-Арқаның.


Шыңына шыққан шығыс шыңдардың...


 


Қабілет Бәделхан


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу