Өлеңдер ✍️

  20.11.2024
  98


Автор: Ақтөбе қаласы

Осы менің Ақтөбем, қараңыздар

Осы менің Ақтөбем қараңыздар,
Орталығы Ақтөбе облысының.
Қуанышым, шаттығым осы менің,
Бастауымдай ғажайып оңды ісімнің!

Осы менің Ақтөбем қараңыздар,
Көз тартатын, көрікті қаласы бар.
Батысымның мекені осы менің,
Баурап алар кең байтақ даласы бар.

Осы менің Ақтөбем қараңыздар,
Екі есе етер артқызып бақытыңды.
Бекініс боп құрылған қалам осы,
Келіңіздер, жеткізіп уақытыңды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу