Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  1161


Автор: Жібек Ысқақова

Қазақ қызы

Қазақ қызы — бірі сізге қарындас,
Болар дәйім бірі сізге жан құрдас.
Қазақ қызы — Мәншүк пенен Әлия,
Жүрек жұтқан, ешнәрседен тартынбас.
Қазақ қызы — біріңізге жан әпке,
Ұйқысынан оянатын таң ерте.
Қазақ қызы — Марфуға мен Фариза,
Елді отырар қаламымен тербете.
Қазақ қызы — жанашырың, сіңілің,
Шолпы тағып, өріп жүрер бұрымын.
Қазақ қызы — жүректері нәп-нәзік,
Жақынына арнайтын бар ғұмырын.
Қазақ қызы — ертең Ана ардақты,
Отбасының қамын ойлар жан-жақты.
Қазақ қызы — құрметтейді жан-жарын,
Биязылық қалпыменен салмақты.
Қазақ қызы жолықсын өз бағына,
Дақ түсірмей абырой мен арына.
Қазақ қызы тұрмыс құрсын қазақпен,
Сыйластықпен сөйлеп асыл жарына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу