Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.11.2023
2303
Рәміздерім ғажайып
Елтаңбам ел жүрегі,
Бүкіл әлем біледі.
Пырақты қос арғымақ,
Елтаңбамның тірегі.
Желбірейді көк байрақ,
Көк туымыз көкте ойнап.
Азаттықтың белгісі,
Көк байрағым көпке айғақ.
Әнұраным тағы бар,
Жан тербейтін әні бар.
Қолды қойып жүрекке,
Әнұранды қабыл ал.
Рәміздерім ғажайып,
Қалмайықшы азайып.
Ынтымақта, бірлікте,
Өзге елдерден озайық!
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇