Өлеңдер ✍️

  14.07.2023
  90


Автор: Серікбай Оспанов

Көрікті сендей жан бар ма...

Көрікті сендей жан бар ма,


Бұрын да, бәлкім, өтпеген?


Айналған жан ең арманға,


Кезінде қолым жетпеген.


 


Айналдың бүгін жан жарға,


Мен үшін өзің мың бақыт.


Жарым-ау, мына жалғанда


Санармын сенен кімді артық?!


 


Аспанда адам жоқ сендей,


Көргем жоқ әлі жерден де.


Сен барда тұрар шоқ сөнбей


Алаулап жанып кеудемде.


 


Сүйесің өзің, сүйем мен,


Сүймейді сендей мені ешкім.


Сүрінсем саған сүйенгем,


Ешқашан бөтен емеспін!


 


Өзің де өзге демессің,


Аялап өтер гүлім сен.


Сүймейді мендей сені ешкім,


Сүйендің маған сүрінсең.


 


Бересің күнде күш маған,


Жансақ та бірге жанамыз.


Екеумізге де ұқсаған


Жанымыз енді қара қыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу