Ер адамның бесін намазы үлгісі, 2 рәкат сүннет (Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы) (текст)
Құрметті мұсылман қауым! Ерлерге, жігітке, ұл балаға, ер адамдарға арналған бесін намазының сүннетін оқу тәртібін жазбаша (текст) және видео нұсқа ретінде жарияладық. Оқыған намазыңыз қабыл болсын!
Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұзатын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.
Бесін намазында 2 ракағат сүннеті
Жайнамазға, не нәжістен таза жерде құбылаға қарап қиямға тұрып, жүрекпен қылған иетті, «иә Алла, өзіңнің ырзалығың үшін, ниет еттім бесін намазының 2 ракағат сүннетін өтемекке, жүзімді қараттым құбыла тарапына халисал лилләәһи тағааләә» деп тілмен бекітіп, алақанды жазып құбылаға қаратып, басбармақты құлақтың жұмсағына тигізіп «Аллааһу Әкбар» деп құлақ қағып, қол байлап, Жасырын «Субіхәәнәкә» дұғасын оқып, «Аъуузу-билләһи минәш-шәйтоо-нир- рожиим, бисмилләәһир-рохмәә-нир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Кәусәр» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб- би-йәл ъазыйм» деп «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, сәждеден отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл- аъләә» деп, «Аллааһу Әкбар» деп, 1-ші ракағат бітіп, 2-ші ракағатты оқуға қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмилләәһир-рохмәә-нир-рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Ықылас» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» де де, «Сәмиъаллааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб- бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би- йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, бас көтеріп отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би- йәл әъләә» деп, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, ақырғы отырысқа отырып, «Әттәхийәт, Салауат» оқып, «Роббәнәә әәтинәә фид- дүниәә хасәнәтән, уә фил әәхирати хасанатан, уә қыйнәә ъазәәбәнн-нәәр. Роббәнағ фирлии уәли-уәәли дәийә, уә лил му-минийнә яумә иә қуумул хисәәбі. Бирохмәтикә иәә архамар роохимиин» деп, «Роббәнә» дұғасын оқып, басты оңға бұрып «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп, басты солға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп сәлем беріп, намазды аяқтаған соң, отырыста, 3 рет «Әстағфируллааһ» деп қол жайып, «Аллааһумм-мә Әңңтәс-сәләәму уә миңңкәс- сәләәму тәбәәроктә иәә зәл жәләәли уәл икроом. «Аллааһу Әкбар» деп бет сипап бата жаса да, «Аятул курси» оқып, «Зул жәлаали уәл-кәмаали» де де, 33 рет «Субіхааналлааһ, ъалаа ниғматиил исләәм» деп, 33 рет «Әлхамдулиллаһ» деген соң «раббил ъааләмиин» деп, 33 рет «Аллааһу Әкбар» деп, қол жайып «Ләә иләәһә ил-лал-лааһу уахдәһуу ләә шәриикә ләһ, Ләһул-мүлкү уәләһул-хамду уәһу-уә ъаләә кулли шәий- иңң қодиир. Роббәнәә тәқоб-бәл минн-нәә инн-нәкә әңң-тәс-сәмийъул ъалиим. Уә тубі ъаләйнәә иәә мәуләәнәә инн-нәкә әңңтәт-тәу- уәәбур-рохиим. Уаһ-динәә уә уәф-фиқынәә иләл хәққи уәә иләә торийқым-мустәқыиим. Аллааһу Әкбар» деп дұға оқып, бет сипап бата жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇