Намаз

Намаз (араб.: صلاة‎; салә, көпше түрі صلوات салауат, парсы: نماز‎ намаз) - сөздікте «дұға ету», «жақсы дұға ету» деген мағынаны білдіреді. Аллаһ Тағала Құранда: «Оларға дұға ет. Сенің дұғаң оларға рақымшылдық», - дейді (Тәубе,9/103). Шариғатта Намаз - тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше әрекеттер мен сөздерден тұратын ғажайып ғибадат. Намаз Исламнан бұрынғы илаһи (Құдайлық) діндерде де парыз болған. Хазіреті Мұхаммедке ﷺ бес уақыт намаз парыз етілмей тұрып, тек қана таң мен ақшам уақытында екі рет намаз оқылған. Кейін Миғраж түнінде бес уақыт намаз парыз болды. Намаздың парыздығы Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Құранның көптеген жерінде «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер,» - деп, намаздың өте маңызды парыз екендігін білдірген. Олардың кейбірі мыналар: «Барлық намаздарды және орта намазды сақтаңдар» («Бақара», 238-аят). «Расында намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді» («Ниса», 103-аят). «Алайда олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ ұстап, шынайы түрде Аллаһқа құлшылық етуден, намазды тұп-тура оқудан және зекет беруден өзге нәрсеге әмір етілмеген болатын» («Бәййәна», 5-аят). «Намазды толық оқыңдар...» («Хаж», 78-аят).

Намаз — мұсылмандардың Аллаға бағыштап, күніне 5 рет дұға оқып өтейтін құлшылығы. «Мұсылмандар күніне бес рет намаз оқуға тиіс» (3. Ақназаров, Ғылыми атеизм.).

Әдетте, сөздің алғашқы шыққан төркіні парсы тілі деп танылып жүр. Оның «нәмаз» тұлғасы мен беретін мағынасы (дәл қазақ тіліндегідей) парсы тілінде де кездесетіні рас. Кейбір түркі тілдеріне парсылардан ауысуын да теріс деуге болмайды.

Түптеп келгенде, ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде сөздің алғашқы тегі санскриттен (ескі индустар- дың әдеби тілінен) екендігі анықталады. Санскритте намо — тізе бүгу, еңкею, иілу. «Намо» түбіріне парсы тілінде «з» дыбысы қосылып, бас ию, құлшылық, құрмет ету мағынасына дейін өзгерген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: