11.12.2022
  146


Автор: Қазақ ырымдары

Нәресте туғанда кіндігін ай балтамен кесіп, таза жіппен байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, сақтап қояды. Кіндік үш-төрт күнде түседі. Ұл баланың кіндігін «Үй күшік болмасын, далада өскен батыр бол- сын» деп, қырдан асырып лақтырып жібереді. Ал, қыз баланың кіндігін «Үйдің құты болсын» деп, от басына, ошақтың түбіне көмеді. Бала оқымысты болсын деген ниетпен кітап арасына сақтап қоятын да, ат құлағында ойнасын деген тілекпен аттың жалына байлап қоятын да дағды бар. «Тілегімізді кіндік кескен жерден, кіндік қаны тамған жерден бер» дейтін сөз осындай ырымдардан қалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу