Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  257


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Желтоқсанда

Жандарым
-ай, жазықсыз жазаланған,
Бұдан асқан сорақы жаза бар ма?
Әлі күнге ызаға булығамын,
Еске алып сендерді азаларда.
Боздақтар
-ай, жаралған ар
-намыстан,
Бабалардың өрлігін қалған ұстап.
Егер сендер қаһарға мінбесеңдер,
Құлай кетер ме едік жарға жықса.
Жоқ, жоқ, құлай кетуім мумкін емес,
Құлай кетсек күреспей түркі демес.
Аз халықпыз десек те өр халықпыз,
Өрді ешкім оп
-оңай сілкілемес.
Жүректерін сыздатып анасының,
Әке, іні, қарындас, ағасының.
Шаштарынан сүйрелеп қамап жатты
-ау,
Түрмелерге қарғадай қарашығын.
Ай, не деген надандық, сорақылық,
Жатпағанмен көшеде оқ атылып.
Жандармдар кәдімгі толып кеткен,
Аттатпады
-ау аяққа оратылып.
Бұл сұмдықты көргендер көзі менен,
Жатар алды шошынбай көз ілеме
?
Нақақ жала жабумен қорқытумен,
Сүйрелеудің тұрады өзі неге.
Қыршындар
-ай, бостандық алып берген,
Жолға салып кеттіңдер халықты ерген.
Көзін ашып кеттіңдер соқырлардың,
Тарих айтты болғасын анық тергеп.
Басынудың белгісін байқағасын,
Бодандықтың қақпасын айқара ашып.
Теңсіздіктің құрсауын шешіп беріп,
Құлаттыңдар қамалды шайқап ашып.
Қазақтығын анықтап, жазып жырын,
Жұбан аға айтпаса әділдігін.
Ессіз соқыр сезімдер шыныменен,
Айтар ма еді атуға әзірлігін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу