Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№12 сабақ_ Туынды сөз _презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім «Сәулет өнері»

12 сабақ

Тақырыбы:Туынды сөз

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал

Армысың, алтын күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

Үй тапсырмасын тексеру.

Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жаз.

Көк, теңізде, суретші, күйшіге.

Осы сөздермен сөйлемдер құрастыр.

Берілген сөздерден туынды сөздерді теріп жаз.

Он, оюлы, айран, ұяда, алмадай, үйде, зергер, партаға, жақсылық.

(МК, Ұ) Мәтінді түсініп оқы. Туынды сөздерді тауып, талдау жаса.

Қазақтың Қастееві

Табиғи талантымен қазақтың Қастееві атанған әкем туралы әңгіме айту- үлкен парыз.

Біз әкемізден қарапайымдылық, кішіпейілділік, кісілік,адамға қиянат жасамауды үйрендік.Жан тазалығымен ар тазалығын сақтауды естіп өстік.

Қандай мақтау естісе де қарапайым, кішіпейіл күйінен өзгермейтін, ризашылығын тек өзіне тән жылы жымиыспен сездіретін.

(ЖЖ) Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жаса

(-ім,-м,-пе,-шік).

Көкте...., көл...., өн..., кес... .

Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып жаз.

Орнымыздан тұрамыз оң қолымызды көтеріп, алма ағашынан алма аламыз. Жұлып тіземізді бүкпей оң аяғымызға жеткіземіз. Сол қолымызды көтеріп, алма ағашынан алма аламыз. Жұлып тіземізді бүкпей сол аяғымызға жеткіземіз.

(Ө) Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөзге айналдырып жаз.

Тау, ақыл, өнер, көйлек, біл, ек.

(Ұ) Берілген сөздерден жұрнақ жалғанған туынды сөздерді теріп жаз.

Ауыл, өріктер, шыдамды, көбелек, күздік, толқын, инабатты.

Дифференциация жұмысы

І деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті түбір сөзді қойып жаз.

Өзің қалаған төрт сөзбен сөйлем құрастыр.

...лы, ...ды, ...ді, ...шы, ...ші, ...кер, ...хана.

ІІ деңгей. Берілген сөздерден жұрнақ жалғанған туынды сөздерді теріп жаз.

Ауыл, өріктер, шыдамды, көбелек, күздік, толқын, инабатты.

ІІІ деңгей. Нақыл сөзді оқып, туынды сөздерді теріп жаз. Түбірі мен қосымшасын белгіле. Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Ар – жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті анықтайтын адамгершілік ұғымы.

Сабақтың мақсатына оралып, сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі сөздерді сызбаларға сәйкес таңдап жаз.

Әнші, кітаптар, алша, кәсіпкерден.

Сабақты қорытындылау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу