Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№4 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _презентация
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
4-бөлім «Сәулет өнері»
№ 4 сабақ
Тақырыбы: Түбір және туынды сөз
Оқу мақсаты:
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал(Ұ) Табайық
Мақалдарды жатқа жаз. Мақалдардан түбірлес сөздерді тап. Оларды құрамына қарай талда. Түбір және жұрнақты тиісті белгімен белгіле.
Өнерлі жігіт өрге озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні ғаріп.
Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып белгіле.
Ойыншық, кәсіпкер, қуырдақ, балалық, тілек, кенші.
(МК,Ұ) «Айша бибі кесенесі» және «Ғажап көрме» мәтіндерін салыстыру. Мәтіндердің тақырыбын, стильдік ерекшеліктерін анықтау. Жанрлық ерекшеліктеріне қарай ажырату. Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Эйлер Венн диаграммасын толтыру.
А- айырмашылығы, Ұ- ұқсастығы.
«Айша бибі кесенесі» және «Ғажап көрме» мәтіндерін салыстыру. Мәтіндердің тақырыбын, стильдік ерекшеліктерін анықтау. Жанрлық ерекшеліктеріне қарай ажырату. Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Берілген «Айша бибі» кесенесі және «Ғажап көрме» мәтіндерін оқушылардың түсініп оқуын қамтамасыз етеді. Екі мәтіннің де мазмұны бойынша сұрақтар қойылады:
1. Мәтін не туралы?
2. Мәтінде айтылған нысандар қандай өнер түріне жатуы мүмкін?
3. Берілген мәтіндердегі ортақ тақырыбы немесе ұқсастықтары неде деп ойлайсың? Не себепті?
...Сәулетті де дәулетті,
Құт, бақытқа баспана.
...Көрмені кеп көрем мен
Ол – ЭКСПО-17.
...Кім көріпті түсінде
Мұндай ғажап көрмені.
Берілген мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін анықта. (Оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын шығарма – әңгіме екендігі, Өлең – шағын көлемдегі поэзиялық шығарма, ырғақ пен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі екендігі түсіндіріледі)
Айтайық
Түбірлес сөздер қатарын жалғастыр.
ой-шыл, ...
жаз-у, ...
күй-ші ...
бас-тық, ...
бала-лық, ...
ойын-шы, ...
Қандай сөздер пайда болды? Осы сөздердің бірнешеуін қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.
-Сабақта не үйрендіңдер?
«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.
Мен түсіндім – жасыл түс;
Мен сенімді емеспін – сары түс;
Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.
Үй тапсырмасы: Сөйлемдерді түсініп оқы. Туынды сөздерді теріп жазып, түбірі мен қосымшасын тауып, белгіле.
Туған жерді құрметтеу – азаматтық белгісі. Баланы туған жеріне аунатып алатын ырым бар. Бұл бала отаншылда болсын деген ұғымнан туған.
Аналардың «ақ сүтін ақталды» дегені – балаларына ризашылықтың белгісі. Сондықтан әр бала кішкентай кезінен ата-анасын тыңдауы, сыйлауы қажет.
«Балдырған» журналынан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?