Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№5 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім «Сәулет өнері»

4 сабақ

Тақырыбы: Түбір және туынды сөз

Біз білімді баламыз,

Жақсы оқи аламыз

Қуантамыз ананы

Қуантамыз ұстазды

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Оқу мақсаты: 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Мәтінді түсініп оқы. Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда.

Бұлақ тазалық пен су көзі есебінде қасиетті деп саналады. Сондықтан «Бұлақ көрсең көзін аш» деген өсиет сөз қалған.

Аңшының қақпаны, етікшінің бізі қасиетті зат есебінде сақталады. Олар ешкімге берілмейді, сатылмайды.

Ежелгі қала орны, ата-баба жұрты киелі орындар деп есептелген. Мұндай орындар барлық мемлекеттерде қамқорлыққа алынған.

1) Мәтіннің алғашқы сөйлемін оқы. Мәтінде не туралы айтылған? Ойыңды дәптеріңе жаз.

2) Мәтінді әрі қарай оқы. Мазмұны сенің ойыңмен сәйкес келе ме? Салыстыр.

3) Ғимараттың ерекшелігі туралы қай сөйлемде айтылған? Анықта.

4) Бұл сөйлем мәтіннің негізгі ойы бола ала ма? Дәлелде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі салынды. «Нұрәлем» атты үлкен шар – көрменің негізгі сәулет ғимараты. Көрме ғимараты қуатты күн сәулесінен алады. Ғимараттың өзі энергия мен жылуды өндіріп, бір жерге жинақтайды. Жылуды жер астында сақтайтын арнайы бөлмелер болады. Сондықтан оны «Болашақ энергиясы» деп атайды. Ол Қазақстанның ұлттық жобасы болып саналады. Бұл еліміздің ең тамаша көрмесіне айналды.

Бақылау диктантын жазу.

Мәтіндегі туынды сөздерді анықтау. Сөз құрамына талдау. Сәулет өнерінің түрін анықтау.

Тапсырма:

1 Туынды сөздерді тап.

2 Сөз құрамына талда.

3 Сәулет өнерінің түрін анықта.

Анықтайық

Түбір сөздер мен туынды сөздерді топтастырып жаз. Туынды сөздердің жасалу жолын анықтап, сөз құрамына талда.

Бала, сыйлық, оқу, тазалық, тату, балалық, татулық, сый, оқулық.

1. Мәтінді мұқият оқы.

2. Мәтінде асты сызылған сөздердің түбірін тап. Бұлар қандай сөздер? Мысалдар келтір.

3. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тап, көшіріп жаз.

Алматыдағы көрікті ғимараттың бірі – цирк. Ол басқа ғимараттардың ішінен ерекше көзге түседі. Сыртқы көрінісі шаңырақ пен көшпенділер шатырына ұқсайды. Зал көрермендер үшін жайлы және қолайлы. Гимнастар өнер көрсететін күмбезде ауа таза болуы үшін ауа сорғысы қойылған. Шатырының материалы мен ерекше пішіні аптап ыстықтарда ысып кетуден сақтайды.

Өзін-өзі бағалау

Бармақты жоғары көтеруі – жақсы.

Бармақты көлденең ұстаса -тәжірибені қажет етеді

Бармақтар төменге бағытталса - әлі де жақсартуды қажет етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу