Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№10 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім «Сәулет өнері»

10 сабақ

Тақырыбы: Түбір және туынды сөз

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Ақ көңілді жүрекпен

Ақ ниетті тілекпен

Амандасып алайық,

Барлығымыз ізетпен.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Өткенді қайталау.

Сұрақтарға жауап беру.

-Сөз құрамы нешеге бөлінеді?

-Түбір дегеніміз не?

-Жұрнақ дегеніміз не?

-Жалғау дегенміз не?

Өлеңді жатқа жаз. Түбірлес сөздердің астын сыз.

Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

Мәтінді оқы. Мәтіндегі негізгі ойды анықта. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.

Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент иманы Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды.

Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңтүстіктен солтүстікке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.

(Ө, Қ) Құрылыстар, баспана, шебер, сәулетші, әдемі тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой.

Мәтіндегі туынды сөздерді тап

(Ұ) Туынды сөздерге жалғаулар қосып жаз.

Өріс, жеңіс, батыс, суреткер, үміткер, бірінші

Сергіту сәті

(МК, Ұ) Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт.

Жазушы, өнер, ек, ертең, жарыс, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, іс, егін, жаз, балапан.

 (Т) Бірге орындайық!

Түбір сөздерге –шы, -ші, -ды, -ді, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жаса.

Жыр, тәрбие, еңбек, сын, тау, сән, көр, көңіл, су, құрылыс, төре.

Осы сөздердің қайсысынан тағы қандай туынды сөз жасауға болады?

Туынды сөздердің кейбіреуін қатыстырып 2-3 сөйлем құрап айт.

(Ұ) Сөйлемдерді көшіріп жаз. Туынды сөздерді тап, олардың мағынасын түсіндір.

1. Бақыт – үлгілі оқушы. Ол тәртіпті. 2. Татулық -біздің күшіміз. 3. Менің сәулетші болғым келеді.

Үйге тапсырма:

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қарамен жазылған туынды сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыр. Мағыналарын түсіндір.

Туынды түбір сөз негізгі түбір сөздің айырмасы қандай?

1.Өнерпаз болсаң, арқалан. 2.Шәмші Қалдаяқов- сазгер.

3.Дәріханада дәрі көп.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу