алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№15 сабақ_ Түбір сөздегі-ы,-і өзгерісі _Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім «Сәулет өнері»

15 сабақ

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:

Түбір сөздегі –ы,-і өзгерісі. Орын-орны. Мойын- мойны.

Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі

Оқу мақсаты:

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Үй тапсырмасын тексеру.

Бірінші жолдағы сөздерге -жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жаз.

Өнерпаз, ұста, жұлдыз, шолпы, орақ.

Зергер, киіз, күміс, шегіртке, білезік

Сөздерді көшіріп, жаз.

Халық-халқы, ерік-еркі, құлып-құлпы, орын-орны, бөрік-бөркі.

(ЖЖ) Мақалды оқып, жатқа жаз.

Ел көркі-мал,

Өзен көркі – тал.

Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.

Түбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндір

Жұмбақтардың шешуін тап.

1. Мойны тұтасқан,

Аузы апан.

Жоны жалпақ,

Бұты талтақ. (сусиыр)

2. Жалтыраған бөркі бар,

Жарқыраған көркі бар.

(шам)

Қарамен жазылған сөздерді мойын, ауыз, бөрік, көрік сөздерімен салыстырып, олардың жазылуындағы өзгешеліктің себебін түсіндір.

Мәтінді көшіріп жаз.

Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.

Қарамен жазылған сөздердің түбірі қай сөз?

Мәтінді сөз құрамына талда.

Мәтінге ат қой.

Мәтінді өзің әрі қарай жалғастыр.

(ЖЖ) Мәтінге оқып, оған ат қой.

Құлақты кірпі шөлді жерлерді мекендейді. Оның денесі ебедейсіз, арқа жағын тікенекті, бүйір, бауыр, бас, мойын жағын қылшық жүн басқан. Құлағы үлкен, жақсы естиді. Соның арқасында жауынан түнде жақсы сақтанады. Кірпі жемін түнде аулайды. Ол қауіп төнгенде мойнын ішінде тығып алып, домалана қалады.

Өзіңнің зер салғыштығыңды тексер: мәтінді көшіріп

жазып, оны жұбыңмен тексеріп шық.

Қарамен жазылған сөздердің ішінен қосымшалы сөзді тауып, астын сыз.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы