Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№15 сабақ_ Түбір сөздегі-ы,-і өзгерісі _Әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Сабақ тақырыбы: №15 сабақ Түбір сөздегі –ы,-і өзгерісі. Орын-орны. Мойын- мойны.

Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі

Оқу мақсаты:

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау Ресустар: үлестірме қағаздар

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау. Сергіту сәті ұйымдастыру.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар: негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақтың барысы

Сабаққа қатысты ескертпелер

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді бекіту. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

Сөздерді көшіріп, жаз.

Халық-халқы, ерік-еркі, құлып-құлпы, орын-орны, бөрік-бөркі.

  • Сөздерді салыстыр, олардың бір-бірінен өзгешелігін табады.
  • Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атайды.

Сөздердің жазылуын есте сақтайды.

Мақалды оқып, жатқа жаз тапсырмасы жұппен жұмыс жасауға беріледі.

Ел көркі-мал,

Өзен көркі – тал.

  • Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.
  • Түбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндір.

Оқушылар жұмбақтардың шешуін тап.

1. Мойны тұтасқан,

Аузы апан.

Жоны жалпақ,

Бұты талтақ. (сусиыр)

2. Жалтыраған бөркі бар,

Жарқыраған көркі бар.

(шам)

  • Қарамен жазылған сөздерді мойын, ауыз, бөрік, көрік сөздерімен салыстырып, олардың жазылуындағы өзгешеліктің себебін түсіндіреді.

(МК,Т) Берілген сөздерді қатыстыру арқылы сөйлемдер құрап жазады.

Сеуіп, кеуіп, тауып.

  • Осы сөздердің түбірін табады. Олар қандай өзгеріске ұшырағанын айтады.

Мәтінді көшіріп жазады.

Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.

  • Қарамен жазылған сөздердің түбірі қай сөз?
  • Мәтінді сөз құрамына талдайды.
  • Мәтінге ат қояды.
  • Мәтінді өзің әрі қарай жалғастырады.

(ЖЖ) Мәтінге оқып, оған ат қояды.

Құлақты кірпі шөлді жерлерді мекендейді. Оның денесі ебедейсіз, арқа жағын тікенекті, бүйір, бауыр, бас, мойын жағын қылшық жүн басқан. Құлағы үлкен, жақсы естиді. Соның арқасында жауынан түнде жақсы сақтанады. Кірпі жемін түнде аулайды. Ол қауіп төнгенде мойнын ішінде тығып алып, домалана қалады.

  • Өзіңнің зер салғыштығыңды тексер: мәтінді көшіріп жазып, оны жұбыңмен тексеріп

шығады.

  •  Қарамен жазылған сөздердің ішінен қосымшалы сөзді тауып, астын сызады.

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытады.

Өзін –өзі бағалау

  • Бармақты жоғары көтеруі – жақсы.
  • Бармақты көлденең ұстаса -тәжірибені қажет етеді
  • Бармақтар төменге бағытталса - әлі де жақсартуды қажет етеді.

Үйге тапсырма: Орын-орны, мойын- мойны, дауыс-даусы сөздеріне сөйлем құрап жазу тапсырмасы беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу