Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№10 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Сабақ тақырыбы: №10 сабақ. Түбір және туынды сөз

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Ресустар: үлестірме қағаздар

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау. Сергіту сәті ұйымдастыру.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар: негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабаққа қатысты ескертпелер

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді бекіту.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

Өлеңді жатқа жаз. Түбірлес сөздердің астын сыз тапсырмасы мұғалімнің көмегімен, өздігінен орындауға арналады. Мұғалім оқушыларға өздігінен өлеңді бірнеше рет оқытады.

Бұл тапсырма оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналады. Оқушылар өлеңді оқып болған соң, оқулықты жауып дәптерге жазады. Жазып болған соң, кітапты ашып, оқушылар жұппен бір-бірінің қателіктерін түзетеді.

Келесі тапсырманы оқушылар ұжыммен орындайды, мәтінді оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

Қалыптастырушы бағалау. Құрылыстар, баспана, шебер, сәулетші, әдемі тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрастырады. Әңгімеге ат қояды. Мәтіндегі туынды сөздерді табады.

Туынды сөздерге жалғаулар қосып жазу тапсырмасы ұжыммен орындауға ұсынылады.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз он қолымызды көтеріп алма ағашынан алма аламыз.Жұлып тіземізді бүкпей он аяғымызға жеткіземіз. Сол қолымызды көтеріп алма ағашынан алма аламыз. Жұлып тіземізді бүкпей сол аяғымызға жеткіземіз.

Сөздерді оқиды. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін ажыратады. Бұл тапсырма мұғалімнің көмегімен орындайды.

Бірге орындайық! тапсырмасы топпен орындауға арналады. Осы сөздердің қайсысынан тағы қандай туынды сөз жасауға болады? Туынды сөздердің кейбіреуін қатыстырып 2-3 сөйлем құрастырады.

Сөйлемдерді көшіріп жазады. Туынды сөздерді табады, олардың мағынасын түсіндіреді.

Оқушыларға үйге тапсырма беріледі. «Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылар кері байланыс алынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу