Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№12 сабақ_ Туынды сөз _Әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Бөлім: Сәулет өнері

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы. Бәйтерек туралы аңыз

Сабақ мақсаттары:

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Ресустар: үлестірме қағаздар, бәйтерек, аялы алақанның суреттері, А4 қағаз, фломастер

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау. Сергіту сәті ұйымдастыру.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану мақсатын көздейді.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

  • Балалар, сабаққа дайынбыз ба?
  • Онда, қане, көңіл-күйімізді реттеп алайық.

Армысың, алтын күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

Үй тапсырмасын тексеру.

Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жазады

Көк, теңізде, суретші, күйшіге.

Осы сөздермен сөйлемдер құрастырады

Берілген сөздерден туынды сөздерді теріп жазады

Он, оюлы, айран, ұяда, алмадай, үйде, зергер, партаға, жақсылық.

(МК, Ұ) Мәтінді түсініп оқиды. Туынды сөздерді тауып, талдау жасайды.Тапсырма ұжыммен орындауға беріледі.

Қазақтың Қастееві

Табиғи талантымен қазақтың Қастееві атанған әкем туралы әңгіме айту- үлкен парыз.

Біз әкемізден қарапайымдылық, кішіпейілділік, кісілік, адамға қиянат жасамауды үйрендік.Жан тазалығымен ар тазалығын сақтауды естіп өстік.

Қандай мақтау естісе де қарапайым, кішіпейіл күйінен өзгермейтін, ризашылығын тек өзіне тән жылы жымиыспен сездіретін.

(ЖЖ) Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жасайды (-ім,-м,-пе,-шік).

Көкте...., көл...., өн..., кес... .

Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып жазады.

Орнымыздан тұрамыз оң қолымызды көтеріп, алма ағашынан алма аламыз. Жұлып тіземізді бүкпей оң аяғымызға жеткіземіз. Сол қолымызды көтеріп, алма ағашынан алма аламыз. Жұлып тіземізді бүкпей сол аяғымызға жеткіземіз.

3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

(Ө) Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөзге айналдырып жазады.

Тау, ақыл, өнер, көйлек, біл, ек.

(Ұ) Берілген сөздерден жұрнақ жалғанған туынды сөздерді теріп жазады.

Ауыл, өріктер, шыдамды, көбелек, күздік, толқын, инабатты.

Дифференциация жұмысы

І деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті түбір сөзді қойып жаз. Өзің қалаған төрт сөзбен сөйлем құрастырады.

...лы, ...ды, ...ді, ...шы, ...ші, ...кер, ...хана.

ІІ деңгей. Берілген сөздерден жұрнақ жалғанған туынды сөздерді теріп жазады.

Ауыл, өріктер, шыдамды, көбелек, күздік, толқын, инабатты.

ІІІ деңгей. Нақыл сөзді оқып, туынды сөздерді теріп жаз. Түбірі мен қосымшасын белгіле. Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Ар – жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті анықтайтын адамгершілік ұғымы. Б.Момышұлы

Сабақтың мақсатына оралып, сабақты қорытындылайды.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі сөздерді сызбаларға сәйкес таңдап жазады.

Әнші, кітаптар, алша, кәсіпкерден.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу